Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Дайрабекова Г.К. 2024 жылдың 24 ақпанда сағат 16.00-16.50 -314 ауд Шетел филологиясы 2 курс студенттері арасында «ЦУР 6. Таза су және санитария» атты тақырыбына ашық кураторлық сабағын откізді.
Ашық кураторлық сабағында таза су мен санитарияға тұрақты қол жеткізу үшін суды пайдаланудың неғұрлым тиімді технологияларын жергілікті енгізуден және тиісті инфрақұрылымды қамтамасыз етуден бастап, халықаралық шаралар қабылдауға дейінгі барлық деңгейлерде өзара іс-қимыл қажет екені туралы айтылды. Суды пайдалану проблемалары туралы хабардарлық деңгейін арттыру өте маңызды. Және суды пайдалану тиімділігін су алу және ағынды суларды бұру саласындағы инновациялық технологияларды дамыту, сондай-ақ қайта пайдаланылатын судың үлесін және оны тек ауыз су үшін ғана емес, сонымен қатар технологиялық және ауылшаруашылық қажеттіліктері үшін өңдеу сапасын арттыру арқылы арттыруға болады. Халықтың барлық топтары үшін жаңа технологиялардың экономикалық қолжетімділігі маңызды және суды үнемдеп қолдану туралы маңыздылық берілді.