Тұтыну мен өндірудің оңтайлы модельдеріне көшуді қамтамасыз ету

15 наурыз, 2024

2024 жылдың 15 наурызында филология факультетінің аясында “6В002303-Аударма ісі” мамандығының 2-курс студенттерімен  «ТМД 12. Тұтыну мен өндірудің оңтайлы модельдеріне көшуді қамтамасыз ету» тұрақты даму жобасын жүзеге асыру аясында Шетел филологиясы мамандығының 1-курс магистранттары  Сақтаған Ш.С., Сералина А.Қ  және топ эдвайзері Алпысбаева А.Е  «Тұтыну мен өндірудің оңтайлы модельдеріне көшуді қамтамасыз ету» тақырыбында ашық іс-шара өтті. Студенттер екі топқа бөлініп, қазіргі қоғамдағы өнімдерді тұтыну және өндіру мәселелерін талқылады.
Интерактивті ойындар мен топтық жұмыс студенттерге тұрақты даму мақсаттары туралы білімдерін тереңдетіп қана қоймай, оларды нақты модельдермен мен бизнес-жоспарлармен жұмыс жасауды үйренді. Әзірленген бизнес-жоспарларды қорғау тек білімнің сынағы ғана емес, сонымен қатар шығармашылық пен ынтымақтастық қабілетін көрсету мүмкіндігі болды.
Іс-шара нәтижелері әсерлі болды: студенттер проблеманы және оны шешудің мүмкін жолдарын түсініп, қабілеттерін көрсетті. Бұл іс-шара Білім берудің әлемде оң өзгерістер жасау құралы бола алатындығының тамаша үлгісі болды.