Кіші қалалардың урбанизациясы

14 наурыз, 2024

14.03.2024 күні Филология факультеті, Шетел филологиясы және Аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен  Шетел филологиясы мамандығының 1-курс магистранттары Сералина А.Қ., Сақтаған Ш.С. және топ эдвайзері Алпысбаева А.Е. « ТДМ 11.Тұрақты қалалар мен елді мекендер» жобасының аясында “6В02304-Аударма ісі” мамандығының 2-курс студенттерімен «Кіші қалалардың урбанизациясы»  тақырыбында ашық сабақ өтті. 
Ашық тәрбие сағатының мақсаты: тұрақты қалалар мен елді мекендер мәселесіне назар аудару, студенттерді ақпаратпен қамтамасыз ету . Ашық тәрбие сағаты интерактив түрінде өтіп, оған 12 студент қатысты. Сабақта видео-материал көріп, талқылап, 2 кластер жасалды. Сабақ барысында студенттер өз ойларын ашық жеткізіп, белсенді қатысып отырды, 2 топқа бөлініп қала және ауыл мәселелерін талқылап, шешу жолдарын ұсынды. 
Сабақ өз мақсатына жетті.