«Басты экологиялық проблема – ауа сапасы»
26.03.2024ж Шығыстану факультетінде Қиыр Шығыс кафедрасының «Шығыстану» мамандығы 3 курс студенттеріне Тұрақты даму мақсаты негізінде «Басты экологиялық проблема – ауа сапасы» тақырыбында іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты ауа сапасын ластаушы көздерді анықтау және олармен күресу жолдарын түсіндіру.
ХХІ ғасыр дерті ауаның бұзылуы, ауаның ұсақ шаңмен, озонмен және басқа ластаушы заттармен ластануы көпті толғандыратыны баршамызға мәлім.
Шығыстанушы маманы ретінде студенттеріміз Оңтүстік Кореяның ауаның ластану проблемасына ұшырауын мысалға ала отырып, оның ластану көздеріне тоқталып өтті. Атап айтсақ көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциялары, қоғамдық көліктер және басқа да атмосфераны ластаушы көздер екені белгілі. Оңтүстік Кореяның үлкен қалалары және оның маңындағы провинциядағы ауа сапасы осы қарқынды индустрияландыру кезеңінде айтарлықтай нашарлаған болатын. Сонымен қатар басқа көрші елдерден желдің әсерінен келетін шаң тозаңдар да ауа ластауға қатысы бар деген деректердің расталғандығын анықтады. Корей Республикасындағы ауаның ластану көздері мен онымен күресу жолдарын талдай отырып Қазақстан Республикасымен салыстыру жүргізді.
Қазақстан Республикасындағы ауаны ластаушы көздерді түсіндіре отырып студенттер олармен күресу жолдарына тоқталып, Корей Республикасындағы таза ауа сапасын жақсартуға бағытталған «жасыл желек» атты бағдарламалардан мысал келтірді. Қазіргі таңда ауаны тазартудағы әрекеттердің бірі абаттандыру мен қатар жасыл желектер қатарын көбейту керек екендігін атап айтты. Осы бағытта студенттер өзіндік ұсыныстарын ортаға салып талқылады.
Іс-шараға жетекшілік жүргізген Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі Абаған А.Б. және Корейтану бөлімінің меңгерушісі Жаханова Ж. А.