кафедрасында «Тұрақты даму мақсаттары» жобасы аясында «Никотиннің адам ағзасына тигізетін зияны» тақырыбында іс-шара өтті.

26 наурыз, 2024

25.03.2024 жылы Түрксой кафедрасында «Тұрақты даму мақсаттары» жобасы аясында «Никотиннің адам ағзасына тигізетін зияны» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараға «Шығыстану» мамандығының 3 - 4 курс студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты: Студенттердің зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беру болып табылады. 3 курс студенті Ержан Оспан, Тургамбаев Руслан темекіден қандай аурулар туындайтынын, адам ағзасындағы қан айналымының бұзылуы үшін қанша темекі қажет екендігін жайлы мәлімет беріп кетті. 4 курс студенті Борашева Ляззат темекінің құрамында қанша химиялық заттар бар екендігін, егер адам күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесіне қанша смола жинайтынын жайында айтып берді. Іс-шара қазіргі өмір сүру тұрғысынан алып қарағанда өте пайдалы болды. 

Куратор-эдвайзеры Шуиншина Мета Н.М., Әбелдаев Ж.Ә., Назарова Ж.А