Бүгін 26 наурыз 2024 жылы БҰҰ-ның 17-ші Тұрақты даму мақсатын іске асыру аясында: "орнықты даму мүддесіндегі әріптестік", "Қытай көпірі 2024" жобасы шеңберінде Солтүстік-батыс саяси ғылымдар және Құқық Университеті базасында ұйымдастырылған Орталық Азия елдерінің студенттеріне арналған құқықтық мәдениет жөніндегі оқу лагері шеңберінде қатысушылар оның ішінде заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының екі оқытушысы оқу лагерінің екінші күнін өткізді.
Бағдарламаның негізгі бөлігі Солтүстік-Батыс саясаттану және құқық университетінің Халықаралық құқық мектебінің профессоры Лиу Яцзюньдің "the Jurisdiction of Arbitration in Chinese Legislation"тақырыбындағы дәрісіне қатысты. Осыдан кейін қатысушылар қала қабырғасы мен қоңырау мұнарасына барып, Қытайдың тарихы мен мәдениетімен танысты.
Күнді Шэньси провинциясының дәстүрлі тағамымен аяқтағаннан кейін, қатысушылар Датанг қаласының ұйықтамайтын атмосферасына еніп, жабайы Қаздардың үлкен пагодасына түнгі экскурсия жасады.