Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультеті үнемі қолдауда. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында студенттер арасында азық-түлік қауіпсіздігі мен тамақтануды жақсартуды қамтамасыз ететін түрлі іс-шаралар («Бауырсақ-пати» (бауырсақ – ұлттық нан өнімі), «Алма-пати», Ұлттық тағамдар күні, «Наурыз-көже», «Палау-пати» және т.б.) үнемі өткізіліп тұрады. Осындай іс-шаралардың бірі 26 наурызда №10 студенттер жатақханасында ұйымдастырылды. Мұнда "Шұбат-пати" акциясы өткізілді. Студенттер мен қонақтар арасында бірнеше ондаған литр шұбат пен бауырсақтар (ұлттық нан) таратылды. Шұбат – түйе сүтінен өндірілетін ұлттық сусын. Қазақ халқы оны емдік қасиеті мен күш-қуатты нығайтатын әлеуеті үшін бұрыннан қолданып келеді. Ол асқазан мен ұйқы безінің жұмысын жақсы реттейді, жараларды емдейді, аллергия, туберкулез, астма, қант диабеті және тіпті онкологиялық ауруларды емдеуге көмектеседі.
Акцияның басты ұйымдастырушылары: Археология, этнология және музеология кафедрасы мен факультет деканаты. Декан, тарих ғылымдарының докторы, профессор Досбол Байгунаков, деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, PhD доктор Жазира Терекбаева осы іс-шараны ұйымдастырған белсенді студенттерге өз алғыстарын жеткізді. Іс-шараға магистранттар, докторанттар, сонымен қатар аға куратор Әйгерім Есенамаова да қатысты. Іс-шарадағы құрметті қонақ ретінде факультет «түлегі», белгілі актер, әндерге сөз жазушы Рамазан Амантай қатысты. Ол өз сөзінде ұйымдастырушыларға шексіз алғысын жеткізді, оның пікірінше мұндай іс-шаралар жастарға арналған білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларында қордаланған көптеген сауалдарды шешуге мұрындық бола алады.