ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ - ҒАСЫР ДЕРТІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультеті мен журналистика, заң факультетінің студенттерінің ұйымдастыруымен 27.03.2024 ж. сағат 13:00 де “Тұрмыстық зорлық-зомбылық - ғасыр дерті” тақырыбында ТДМ-нің 5-ші мақсаты «Гендерлік теңдік» аясында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Шараны т.ғ.к., қауымд. профессор Тасилова Н. А., т.ғ.к., аға оқытушы Хасанаева Л. М., оқытушы Менситова Г.И. ұйымдастырып, жастар арасында тұрмыстық зорлықтың қоғамдағы дерт екенін, оның теріс жақтары мен зорлық-зомбылықты алдын алу шараларын талқылады.
Іс-шара барысында тақырыпқа байланысты сурет көрмесі өтті. Көрмеде зорлық-зомбылықтың түрлері, жас өспірімдер мен әйелдердің көрген қорлығын бейнелеп, қоғамда көрінбей, жүректе мәңгі із қалдыратын фактілер суреттелді. Көрмеге атсалысқандар және суретті салған студенттер Шамшадинова М., Сырлыбай Г. және Сатай А.. Іс-шарада тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою жолдары мен оған қатысты депутаттардың, ЖОО оқытушыларының, қоғам белсенділері мен түрлі университет жастарынан сұхбат алынып, видеороликтер түсірілді. Студенттер Жарқынбек Ж., Советжанұлы М., Ернатқызы А., Сейтқали А. зорлық-зомбылыққа жол бермеу туралы өз ойларымен бөлісті. Іс-шараға қонақ болып келген т.ғ.к., аға оқытушы Ноянов Е. Н. мен т.ғ.к., аға оқытушы Арынов Ж.М. тақырыптың психологиялық және тәрбиелік мәнін ашып көрсетті.