- Басты бет
- Мұражай
- 2024 жылдың ақпан-наурыз айларында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Музейінде «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғасырлар қойнауында» атты көрмесі жұмыс істеді
2024 жылдың ақпан-наурыз айларында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Музейінде «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғасырлар қойнауында» атты көрмесі жұмыс істеді
28 наурыз, 2024
ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орайластырылған көрменің мақсаты – халқымыздың археологиялық, этнографиялық, рухани және мәдени мұрасымен және Алтын адам тарихынан сыр шертетін құнды археологиялық жәдігерлермен таныстыру болды
Көрме экспозициясына ерте темір дәуіріне тиесілі сақ-үйсін мәдениетіне тән қазан, Алтын адамның күміс тостағаны мен түпнұсқа қыш ыдыстары, көне зергерлік бұйымдар, қару-жарақтар және т.б. Қазақстан аумағынан табылған құнды жәдігерлер қойылған еді


27 наурыз күні бұл көрме өз мәресіне жетіп, жабылуы өтті. Әл-Фараби атындағы музей қызметкерлері атынан осындай рухани құндылықтарға саяхат жасатып, ел тарихының тереңіне үңілткен «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымына алғысымыз шексіз




Басқа жаңалықтар
8 қазан, 2025
8 қазан, 2025
8 қазан, 2025