Қыстың соңғы күндерінде Медеу шатқалында орналасқан Кіші Алматы өзені Сарысай сағасынан төмен гидрологиялық бекетіндегі мұздық құбылыстарды бақылау мақсатында Метеорология және гидрология кафедрасының «Гидролог» мамандығында білім алып жатқан студенттерге өзендерде кездесетін мұздық құбылыстар және олардың түрлері тақырыбында далалық жағдайда дәріс өткіздік.
Дәріс барысында студенттерге өзендердің қысқы режимінің ерекшеліктері мен өзендердің түрлеріне қарай мұздық құбылыстардың жіктелуі және олардың өзен ағындысына тигізетін әсері туралы мағлұматтар берілді.
Далалық сабақта өзендерде бақыланатын мұздық құбылыстар және олардың түрлері, мұздық режимдерге климаттың өзгерісінің ықпалы туралы қызықты деректер айтылды. Сонымен қатар қысқы кезеңде өзендерде байқалатын қауіпті гидрологиялық құбылыстар туралы ақпарат берілді.
Жалпы, мұздық құбылыстардан болатын апаттар халыққа, табиғатқа, инфрақұрылымға кері әсерін тигізеді. Сондықтан қысқы кезеңде өзендердегі мұздық құбылыстарға мониторинг жасау аса маңызды екенін еске саламыз.
Динара АРЫСТАМБЕКОВА,
Метеорология және гидрология кафедрасының
аға оқытушысы, PhD