«Наурызнама 10 Күндігі» аясында 302 және 304 топ студенттерімен «20 Наурыз-ұлттық спорт күні» тақырыбында кездесу

28 наурыз, 2024

20 наурыз  2024 жылы «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы» кафедрасы «Наурызнама 10 Күндігі» аясында 302 және 304 топ студенттерімен «20 Наурыз-ұлттық спорт күні» тақырыбында кездесі өткізді.Кездесу барысына з.ғ.к. қауымдастырылған профессор Мұқалдиева Г.Б., з.ғ.к. аға оқытушы Ермухамбетова С.Р.,аға оқытушы Алкебаева Д.А. қазақ халқының ұлттық ойындарын еске түсіріп,көненің көзін дәріптеді.Студенттер өздері білетін ұлттық ойындар  жөнінде ақпараттармен бөлісті.Кездесу нәтижесінде қазақ халқының ұлттық нақыштағы киімдері мен ойындары,салт-дәстүрлері жас ұрпақтың  санасында өзіндік ізін қалдырғандығына көз жеткізілді.Кездесу қатысушыларына алғысымызды білдіреміз.