ТДМ 4. «18 наурыз – Нақыштағы ұлттық киімдер» атты тәрбиелік іс-шара
![](/storage/news/253885559166054deb258e6883256043_Рисунок1.jpg)
Республикалық Наурыз меркесіне арналған онкүндік шеңберінде 18 наурыз – « Нақыштағы ұлттық киімдер» күні өтеді. Бұл мерекені «Техникалық физика» оқу бағдарламасының 115 топ студенттері ҚазҰУ қалашығында атап өтті.
Іс-шараның мақсаты — қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы қазақтың киім кию үлгісін заманауи жаңғырту. Осы бағытта жұмыс атқарып жатқан ұлттық киім дизайнерлерінің туындыларын халыққа кеңінен насихаттау, сондай-ақ сән әлеміне интеграциялауға ықпал ету.
Әр ұлтты ерекшелендіретін – дәстүрлі құндылықтары. Адамның жеке қолтаңбасы болатыны секілді, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы бар.
Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.
Жалпы, қазақтың ұлттық киімдері өзге халықтарға ұксамайтын өзіндік ерекшеліктерімен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасқан. Қазақы киімнің барша сәнділігі оның ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Ерте замандардан бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қазақ қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан ұлттық киімдеріміз жетерлік. Сондай-ақ, қазақ киімдері етек-жеңі мол, қарапайым, жұмысқа және жүріп — тұруға үйлесімді, дене сымбатын ашатын сәнді болып келген.
Сондықтан, дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында өткен«Ұлттық киім» күнінің маңызы зор.
Ұйымдастырушылар: оқытушылар Таженова М., Масина М.
Басқа жаңалықтар
![](/storage/news/232538647566a396a30e9ce696853229_5.jpg)
![](/storage/news/371165304866a38f810bbed732252516_001.jpg)