ТДМ 7. «Жасыл Қазақстан» тақырыбында ашық кураторлық сағат

19 наурыз, 2024

Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының 2023-2024 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының рухани-адамгершілік тәрбие беру 24- тармағын орындау және студенттердің экологиялық сауаттылық деңгейін арттыру және қоршаған ортаны қорғауға қатысты ұстанымдар мен көзқарастарын қалыптастыру мақсатында «Жасыл Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығы атты кураторлық сағат өткізілді.

Кураторлық сағатқа Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының оқытушылары, магистрантттар және жылуэнергетика мамандығының 1 курс (ЖЭ-139 тобы) студенттері қатысты.

Ic-шараны Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы Әмір Б.Т. жүргізіп, студенттерге презентациялық материалдар, видео-роликтер көрсетіп аталған тақырып бойынша қысқаша баяндама жасалды.

Сонымен қатар іс-шара барысында ЖЭ-139 тобының студенттері мен магистранттар осы шараға қатысты өз ойларымен бөлісті.

Кураторлық сағат барысында студенттер мен магистранттар пікір алмасып, викториналық сұрақтарға жауап берді.

Студенттер арасында қоршаған ортаны қорғау арқылы болашақ ұрпаққа Жасыл Қазақстанды дамытып, көркейтіп, экологиясы жақсы мемлекет ретінде қалдыру маңыздылығы түсіндіріліп, экологияны ластамау қағидасын ұстану туралы айтылды.

Жауапты: куратор Әмір Б.Т.