ТДМ 4. «Шежіре күніне» арналған кураторлық ашық сабақ

15 наурыз, 2024

15 наурыз 2024 ж. күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультеті жылуфизика және техникалық физика кафедрасының 1 курс «Техникалық физика» білім беру бағдарламасының студенттері (117-топ), 1 курс магистранттары  Маканова А., Жумагалиева С. және кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен «Шежіре» күніне орайластырылған ашық кураторлық тәрбие сағаты болып өтті.

Іс-шара барысында сұлулыққа толы қазақ мәдениетінің рухының бір үзіндісін жеткізетін таңғажайып дәстүрлі әндер, көріністер мен рәсімдер қонақтар назарына паш етілді. Шара отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылатын күнге орайластырып жасалынды.

Тәрбиелік іс-шарада 1 курс студенттері шежіре тақырыбында ұлттық ауыз әдебиетіміздегі, қазақтың ақындарының өлең-жырларын мәнерлеп оқып, аталмыш тарихи түпнұсқасы бар күн жайында деректерді келтірді. Сонымен қатар қазақтың байырдан келе жатқан дәстүрі «Сырға салу» рәсімінен көрініп көрсетіп, көрермендермен тамашаланды. Шараны жүргізушілер тарапынан қатысушы қонақтарға қысқаша сұрақ-жауаптың викторина ойына ұйымдастырылып, жауабын дәл тапқандарға сыйлықтар үлестірілді. Топ студенттерінің арасында өнері өрге жүзген студенттер Абай атамыздың әнін скрипкада ойнап, гитарамен заманауи нақышта орындап берді. Кең-байтақ жеріміздің кеңдігін жырлайтын әнмен кештің шымылдығы жабылды.

Топ куратор-эдвайзері: Оспанова Ш.С.