ТДМ 4. «Зияткерлік күні» тақырыбында өткен тәрбие сағаты

20 наурыз, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінде  өткізілген «Зияткерлік күні» атты ашық тәрбие сағаты  өтті. Ашық тәрбие сағатына  жылуфизика және техникалық физика кафедрасының оқытушылары, магистрантттар және «Стандарттау және сертификаттау» мамандығының 1 курс  (СжС-131) студенттері   қатысты.

Қазіргі уақытта қазақ халқында студенттердің ой-санасын жетілдіру, зияткерлік қабілетін дамытуда ауыз әдебиетінің алар орны ерекше. Батырлар жыры балаларды отансүйгіштікке, адалдыққа, ерлікке тәрбиелесе, шешендік өнер табан астында сөз тауып айтуға, аталы сөзге тоқтауға үйретеді. Мақал-мәтел арқылы баланың сөздік қоры молаяды.

Іс-шараның мақсаты – студенттерді  «Зияткерлік» тақырыбына  баулу және Жаңылтпаш айтып жарысып, есте сақтау қабілеті арттырып, топтың алдында еркін сөйлеу. Жұмбақ жасырып, оны табу немесе ойдан жұмбақ құрастыру арқылы студенттің қиялын өсіріп, шыңдау. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар айтып, жырлар мен эпостардан үзінділер оқып, рухани азық сыйлау.

Батырлар жыры – ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі болғандықтан , батырлар жыры мәнерлеп оқылды. Ашық сабақ барысында мақал мәтелдің ұлтымыздағы алатын орны тақырыбында негізгі ақпараттар берілді. Терминологиялық және интелектуалды әртүрлі интерактивті ойындар ойналып алынған білім бекітілді. Практикалық байланыс ретінде қоқыстарды сұрыптау бойынша топқа бөлініп ойын ойнау арқылы жасыл экологиялық мінез-құлық қалыптастырылды.

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, жылу жизикасы және техникалық физика кафедрасының «Стандарттау және сертификаттау» мамандығының магистранттары – Ауғанбай С. Қ., Тулеуова Л.Б. және ҚазҰУ Жылуфизика  және техникалық физика кафедрасының оқытушылары Куйкабаева А. А., Тусеев Т. Т.