Тұрақты даму бастамасы аясында 2024 жылдың 27 наурызында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD Битабарова Ж.А. ZOOM платформасы арқылы БМУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттарымен «Сапалы білім» тақырыбында ғылыми вебинар өткізді. Бұл шара БҰҰ-ның 4-ші тұрақты даму мақсатына арналған. Вебинар барысында қатысушылар Қазақстан мен Әзірбайжан мектептері мен университеттерінде сапалы білім беруді қамтамасыз ету және қолжетімділік мәселелерін талқылады. Олар Финляндия, Ұлыбритания, Канада, АҚШ сияқты шет елдердегі білім беру саласындағы озық тәжірибелерден мысалдар келтірді. Сондай-ақ Қазақстанның білім беру саласын жақсарту бойынша ұсыныстар ұсынылды. Сапалы білім – мемлекеттің табысы мен өркендеуінің кепілі.