ТДМ 4. «20 наурыз – Шымырлық пен шеберлік күні» атты тәрбиелік іс-шара

20 наурыз, 2024

20 наурыз күні ҚазҰУ кампусының айналасында «Техникалық физика» оқу бағдарламасының 223 топ студенттерінің ұйымдастыруымен амал мерекесі өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты: студенттерді - қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарымен таныстыру. Бұл күні дәстүрлі ойындар өте көп ойналады. Арқан тартыс, кір тасын көтеру, қазақ күресі, аударыспақ, көкпар, асық  осының барлығы да жыл сайын Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылады. Ләңгі тебу, асық ойнау әсіресе балалар арасында жиі өтеді. Асық ойнау көзге тым қарапайым көрінгенімен бала денсаулығына өте пайдалы. Асық – қойдың асықты жілігінен алынатын сүйек. Баланы ептілікке, шапшаңдыққа, алдына қойған мақсатына жетуге тәрбиелейді. Әлемдік деңгейде шахматпен терезесі тең тұрған ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақ. Аталған логикалық ойын адамның ойлау жүйесінің дамуына айтарлықтай үлес қосады. Тек наурыз мейрамында ғана емес кез келген азамат кемінде ұлттық ойынның бір түрімен тұрақты түрде шұғылдануы керек. Ұлттық ойын ұлттық иммунитетіміздің нығаюының кепіл бола алады. «Шынықсаң шымыр боларсың» дейді дана халқымыз.

Ұйымдастырушылар: оқытушылар Таженова М., Сейдулла Ж.