ТДМ 4. «Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағаты

26 наурыз, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінде «Ұлыстың ұлы күні» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Ашық тәрбие сағатына жылуфизика және техникалық физика кафедрасының оқытушылары, магистранттар және «Стандарттау және сертификаттау» мамандығының 1 курс СжС-133 тобы қатысты.

Іс-шараның барасында ұйымдастырушы магистранттар Бағдаулетова Айым мен Қуандық Ақжол Наурыз мейрамына қатысты салт-дәстүрлерді, ырымдарды  жаңғырту, әр өңірге тән ерекшеліктерді таныстыру мақсатында топтық ойындар ұйымдастырды. Сабақ барысында ғасырдан ғасырға жеткен халықтың қазынасы - салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнерін сақтау маңызына қатысты пікірталас болып, жас ұрпақтың салт-дәстүрді сақтаудағы жауапкершілігі де айқындалды.

Жауапты куратор: Байжұманов Қ.Д.