ТДМ: 5 «Өзін тану және өмірлік қиындықтарды алып өту».

29 наурыз, 2024

ҚазҰУ «Психологиялық қолдау» қызметі Заң факультетінің студенттеріне психологиялық тренинг өткізді. Тақырыбы: «Өзін тану және өмірлік қиындықтарды алып өту».

 Тренинг барысында философия және психология ғылымында қиындыққа деген көзқарастар айтылды. Студенттердің де пікірлері тыңдалды. Нәтижесінде жастардың ой-санасы өз жастарына сай және оптимистік екені белгілі болды.

ТДМ мақсаттарының 5-ші тармағында «Сапалы білім» мәселесі қарастырылған. Кез келген білім алушының денсаулығы және психологиялық сау болуы өте маңызды. Қиындық көріп, оны шеше алмай жүрген адамның көңіл-күйі құлазыңқы болады. Әлбетте мұндай күйде жүрген адамның сапалы білім алуы екі талай. Сол себепті де мұндай психологиялық тренингтер ҚазҰУ студенттері үшін аса маңызды.

Тренингте түйген ойлары студенттерге болашақта қиындықтарды алып өтуіне көмек береді деп сенеміз

.