«Жоғары білім мен ғылымның өзекті тенденциялары» атты II форумы

31 наурыз, 2024

29 наурыз 2024 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындары ректорларының «Жоғары білім мен ғылымның өзекті тенденциялары» атты II форумы өтті. Форумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Могилевский Константин Ильич, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы, Ресейдің 50 және Қазақстанның 40 жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. 


Форум екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы гуманитарлық саладағы байланыстарды дамытуға, өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық үшін жаңа байланыстар орнатуға бағытталған.


Форумға қатысушылар біздің университеттің бүгінгі жетістіктері, оның одан әрі даму жоспарлары мен перспективалары туралы хабардар болды.
Форумға қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының жас ғалымдар кеңесінің мүшелері қатысты.