Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының шетелдік студенттері әл-Фараби тұрақты даму саласындағы (ТДМ) мақсаттары шеңберінде ҚазҰУ жобаларына белсенді қатысады. 2024 жылғы 29 наурызда Қытай, Корея, Жапония, Түркия 1, 10, 12 топтарының шетелдік студенттері "ТДМ-3 аясында "Жақсы денсаулық және әл-ауқат" бағыты бойынша "Ішімдікке жол жоқ!" атты акцияны жалғастырды. Аталған іс-шараны шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру даындығы кафедрасының кураторлары А. С. Айтпаева, Ж. Т. Молдағалиева, И.В. Мацко ұйымдастырды. Кураторлар шетелдік студенттермен алкогольдің адамдардың физикалық және психикалық денсаулығына қаншалықты зиян тигізетінін, өзімізге және басқаларға алкогольді тұтынуды азайтуға және тіпті мүлдем бас тартуға қалай көмектесе алатынымызды талқылады. Студенттер осы мәселені шешу бойынша өз ұсыныстарын білдіріп, университеттің тұрақты даму мақсатындағы жобасын қолдады.