"Есірткіге жол жоқ! Біз өмірді таңдаймыз!"
Қазіргі қоғамда нашақорлық проблемасы денсаулық сақтау үшін де, жалпы қоғам үшін де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Салауатты өмір салтын насихаттау, кез-келген есірткіден бас тарту маңызды міндет болып табылады. Мәселен, 2024 жылғы 28 наурызда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде ТДМ-3 "Жақсы денсаулық және әл-ауқат" аясында "Есірткіге жол жоқ! Біз өмірді таңдаймыз!" атты акцияны жалғастырды. Аталған іс-шара есірткі қолдануға қарсы күресіне арнап, шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары кураторлар А.С. Айтпаева, Ж. Т. Молдағалиева, И.В. Мацко ұйымдастырды. Іс-шарада есірткіні қолдану себептері, олардың денсаулыққа зияны туралы мәселелер талқыланды. Кореядан, Қытайдан, Жапониядан, Түркиядан келген шетелдік студенттер бұл мәселені шешу бойынша өз ұсыныстарын білдіріп, университеттің Тұрақты даму мақсатындағы жобасын қолдады.