Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары доцент Г.Ә. Мұсаева мен аға оқытушы Г.Ә. Машинбаева қазақ тілінде оқитын 5-6 топ студенттерімен «ТДМ-3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағытында шетелдік студенттерге «Мен салауатты өмір салтын таңдаймын» акциясы аясында қазақтың ұлттық ойындары тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Аталған іс-шара мақсаты шетелдік тыңдаушыларды тіл оқыта отырып елдің мәдени өмірімен, ұлттық ерекшелігімен етене жақын таныстыру.
Көшпелі қазақ халқының негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болғандықтан ұлттық ойындары да халық тұрмысыменүндесіп жатады, олар ойындарында мал шарушылығына қатысты атрибуттарды ойыннның негізгі қ ұралдары ретінде ұтқыр қолдана білген. Халық өміріндегі ұлттық ойындары ат үстінде ойналатын ойындар, жиналған топта ойналатын ойындар болып бөлінеді, бірақ олардың барлығынан халықтың тұрмысының негізгі белгілерін көруге болады.
Солардың ішіндегі «Тоғызқұмалақ» «Арқантартыс» «Орамал тастамақ», «Ақ сүйек» ойындары атауларына талдау жасалды. Тыңдаушылар оқытушылардың нұсқауымен бұл ойындарды ойнап та көрді. Ойындар арқылы тыңдаушылар сөздік қорларын толықтырды, қазақ мәдениеті туралы жан-жақты ақпарат алды.