- Басты бет
- Жаңалықтар
- БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының №4 арналған «BOOKClub Farabi: Біздің сүйікті кітаптарымызды талқылау» ғылыми семинары
БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының №4 арналған «BOOKClub Farabi: Біздің сүйікті кітаптарымызды талқылау» ғылыми семинары
Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Кітап - біздің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз.
2024 жылы 29 наурызда «BOOKClub Farabi: Discussing our favorite books» ғылыми семинары өтті. Кездесу барысында оқушылардың мен студенттердің сүйікті кітаптары талқыланып, оқуға ұсыныстар берілді.
Іс-шараның мақсаты – БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының №4 бойынша қызықты және дамуға пайдалы кітаптар туралы хабардарлықты арттыру, толық қол жеткізілді. Ұйымдастырушылар: аға куратор Сербаева А.Д., куратор Жусупова А.И., молекулалық биология және генетика кафедраның студенттері.