Үлгілі жатахана бөлмесі акциясы

29 наурыз, 2024

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының «1.2. Таза кампус» атты бөлімінің мақсаттарын жүзеге асыру бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультетінің ұйымдастырумен Тарих мамандығының 2-курс студенттері арасында «Үлгілі жатахана бөлмесі» атты байқау ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты студенттерді жатақхана мүлкіне ұқыптылықпен қарап, жатақханада тұру ережелері мен тәртібін сақтау, сонымен қатар, бөлме интерьері, бөлмедегі тазалықтың сақталуын бақылау болды. Комиссияны жұмысының нәтижесінде жатақханадағы келесі бөлмелер үздік деп танылды: №10 жатақхана, 308 (А) және 513 (А).

Ұйымдастырушылар: Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары Дуйсебаева А.И., Менситова Г.И., Жарасов А.А.