Қытай сурет және каллиграфия сабағы

1 сәуір, 2024

БҰҰ-ның орнықты дамуының  "орнықты даму мүддесіндегі әріптестік" 17-ші мақсатын іске асыру мақсатында оқу лагерінің бесінші күні, 30 наурыз 2024 жылы қатысушылар, оның ішінде заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушылары мен жас ғалымдар кеңесінің мүшелері қытай мәдениетімен танысуды жалғастырды. Олар қытай сурет және каллиграфия сабағына қатысып, қытай желдеткіштерін өз қолдарымен бояды. Содан кейін қатысушылар Шэньси археологиялық мұражайына барып, Қытайдағы археологиялық қазба жұмыстарына кірісті.

Олар Қытайдың бай мәдени мұрасын ашатын археологиялық олжаларды табу және зерттеу жолдары туралы біле отырып, Шэньси провинциясының және басқа аймақтардың тарихи орындарымен танысты.