Ұлттық құндылықтар - сапалы білімнің бастауы

19 наурыз, 2024

      2024 жылдың 19 наурызында Тарих факультетінде «Тарих және шетел тілін меңгеру» мамандығының 1-ші курс студенттері мен  топ куратор-эдвайзері Р.О. Садықованың ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар - сапалы білімнің бастауы» атты тақырыпта акциялық іс-шара өткізілді.  

        Шара ТМД 4. Сапалы білім бағыты бойынша жасалынған. Басты мақсат – ұлттық құндылықтарымызды білуді, оқып-тануды насихаттау. Шара барысында топ студенттері дәлізде немесе факультет аудиторияларындағы студенттерге, ұстаздарға ұлттық салт-дәстүрлер мен Наурызға қатысты сұрақтар қойып, олардың білімін тексерді. Дұрыс жауап бергендерге өз еліміздің отандық өнімі қазақстандық тәттілер берілді. Сонымен қатар, ұлттық асымыздың негізі ретінде кафедралардың ұстаздар қауымына, деканат басшылығы мен қызметкерлеріне дәмді бауырсақ таратылды.