«Үздік басшы – 2024»

16 наурыз, 2024

Университетімізде 16 наурыз күні «Көмек» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен факультет төрағалары арасында  «Үздік басшы – 2024» жобасы өтті.
Жоба мақсаты: «Көмек» ҚҚ-ның факультет төрағалары арасындағы өзара бірлікті нығайту және үздіктердің үздігін анықтау.

Жобаға 7 төраға қатысып, бақ сынасты. Тартысты жоба нәтижесі төменде көрсетілгендей: 

Бас жүлде – Экономика және Бизнес Жоғары Мектебінің факультеті, «Көмек» ҚҚ төрағасы – Ермашов Жеңіс
I орын – Филология факультеті, «Көмек» ҚҚ төрағасы – Тлеуленова Анель
II орын – Механика-математика факультеті, «Көмек» ҚҚ төрағасы – Мұханбедияр Айгерім
III орын – Журналистика факультеті, «Көмек» ҚҚ төрағасы – Жұрымбай Аяулым

«Ойға шебер» номинациясы – Биология және биотехнология факультеті, «Көмек» ҚҚ төрағасы – Серікбай Мөлдір
«Креативті төраға» номинациясы – Физика-техникалық факультеті, «Көмек» ҚҚ төрағасы – Сақтапбергенов Альберт
«Өнерлі төраға» номинациясы – Заң факультеті, «Көмек» ҚҚ төрағасы – Балабек Шынболат

Сонымен қатар, @komek_kaznu инстаграм парақшасында төрағалардың бейнероликтері салынып, соның нәтижесінде Филология факультеті «Көмек» ҚҚ төрағасы Тлеуленова Анель – «Көрермен көзайымы»  атанды. 
Қолдау көрсетушілер арасынан Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі факультеті –  «Үздік жанкүйер» атанды.

Барлық факультеттерді марапаттарымен құттықтаймыз!