III Халықаралық Фараби форумы аясында «Әл-Фараби және қазақ халқының рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

1 сәуір, 2024

 

 

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ПРЕСС-АНОНС

 

Құрметті БАҚ өкілдері!

 

        2024 жылдың    4-5    сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 90-жылдық мерейтойына арналған III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ  ФОРУМЫ аясында «ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

         Әлемдік ғылым мен мәдениет тарихындағы ұлы ойшыл, философ-энциклопедист Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби әт-Түркидің (870-950) алатын орны ерекше. Әл-Фарабидің аса бай ғылыми-философиялық мұрасы қазіргі Қазақстанның және әлем өркениетінің де асыл қазынасы, осы заманғы ғылым, білім мен мәдениеттің бірегей қайнар көзі. Сондықтан да әл-Фараби есімін иеленген Қазақ ұлттық университеті Халықаралық Фараби Форумы арқылы адамзаттың ұлы ойшылы, бүтін түрік дүниесінің ортақ тұлғасы әл-Фарабидің мұрасы мен мирасын зерттеу, тарату, насихаттауды және күллі дүниенің фарабитанушылары бас қосатын, кеңесетін, талқы жасайтын ғылыми алаңды қалыптастыруды  отандық ғылым саласының, еліміздің бүгіні мен келешегі үшін аса маңызды іс деп есептейді.

         Халықаралық Фараби Форумының негізгі мақсаты – әл-Фарабидің бай мұрасы арқылы қазіргі қоғам дамуының рухани, тарихи және философиялық негіздерін түсіндіру, ойшыл мұрасын зерттеп жүрген отандық және шетелдік ғалымдарды біріктіру, әлемнің жетекші ғалымдары арасындағы диалог пен ынтымақтастықтың жаңа алаңын құру.

         Форумға қатысушылар ғылым мен білімнің интеграциясына, қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік және тұлға мәдениетін жетілдіруге қатысты кең ауқымды өзекті мәселелерді талқылайды. Секциялар жұмысында әл-Фараби мұрасы және фарабитанудың өзекті мәселелері, түрік ғұламаларының мұрасындағы ізгі адам мәселесі және т.б. әлеуметтік-гуманитарлық ғылымының өзекті мәселелелері қарастырылады. Форум барысында әл-Фарабидің философиясы мен қазақ халқының рухани мұрасы зерделеніп, руханиятты танудағы дискурстың әртүрлі формалары анықталады.

         Форум аясында Түрік халықтары Философия қоғамы Қазақ комитетінің алғашқы мәжілісі және «Түрік философиясы антологиясының» 1-4 томдарының тұсаукесері өткізіледі.

         Халықаралық Фараби Форумы жұмысының негізгі бағыттары: Әл-Фараби мұрасы және фарабитанудың өзекті мәселелері; Әбу Насыр әл-Фараби іліміндегі тіл философиясы мен философия тілі; Әл-Фараби мен түрік ғұламаларының мұрасындағы «Кемел адам»; Әл-Фараби және қазақ өркениеті, Әл-Фарабидің математикалық, жаратылыстанулық және педагогикалық мұрасы. 

         Сонымен бірге Форум аясында «Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасы және әлемдегі психологиялық ғылымның дамуы», «Әл-Фарабидің тәрбие тілі: мәдениетаралық қарым-қатынас және ұлттық болмыс контексіндегі тұлға», «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс: білім беру мен зерттеулердегі жаңа көзқарас», «Қоғамдағы зорлық-зомбылық мәселелері: алдын алу мен шешу жолдары», «Қазіргі қазақ философиясындағы прагматизм және руханият», «Бақыт туралы философиялық дискурс», «Қазақ тіліндегі философиялық терминологияның қалыптасуы», «Тәуелсіз Қазақстанда саясаттану ғылымының қалыптасуы мен дамуы» Пікірталас алаңдары,  «Өмірмәнділік ой толғамдар» эссе байқауы,  «Қазақ философиясының өзектілігі» бейнероликтер байқауы; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына орай және Кіші Фараби академиясының 30 жыл толуына орай «Рухани әңгіме» атты сұхбат алаңдары жұмыс істеп, байқаулар өткізіледі.

         Форумға алыс және жақын шетелдерден, АҚШ, Ресей, Италия, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Сирия, Мысыр, Иран мемлекеттері ЖОО-ның ғалымдары онлайн және оффлайн форматта қатысады.

Форумның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдері.

Қатысушылардың баяндамаларының қорытындысы бойынша ғылыми жинақ шығару жоспарлануда.

 

Ұйымдастырушылар:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Философия және саясаттану факультетінің

Философия кафедрасы,

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы,

Әл-Фараби орталығы,

Түрік халықтары Философия қоғамының Қазақ комитеті және

Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы.

 

Күні мен уақыты:

2023 жылдың 4-5 сәуірі, 10:00 – 18:00

 

Өткізу формасы:

аралас (YouTube трансляциясымен онлайн, оффлайн форматта)

 

Конференция идентификаторы:

854 4873 9294, коды: 998041

https://us02web.zoom.us/j/85448739294?pwd=OTJqVE04dHNLZlhrYm92UFFNWnJ6QT09

 

Өтетін орны:

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

әл-Фараби Ғылыми кітапханасы,

 Алматы қ., әл-Фараби даңғ. 71/27, 409 зал.

 

Байланыс үшін:

Өсербаев Елдос Нұрланұлы (+77001404054)

Балтымова Мира Рашидқызы (+77473667331)

Электронды адрес: farabiforum2024@gmail.com

Тел.: 8 (727) 377-33-33 (1759), 8 (727) 377-33-33 (1747).