«Туберкулез және оның алдын алу»

28 наурыз, 2024

28.03.2024 куратор С.Б. Даулетбаева және «Генетика» мамандығының 2 курс студенттері «Туберкулез және оның алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты студенттерге аталмыш аурудың көріну ерекшеліктері, таралу жолдары және осы инфекциямен күресу шаралары және жалпы туберкулездің алдын алу туралы ақпарат беру болды. Нәтижесінде студенттер туберкулездің жұғу жолдары, туберкулезге скринингтік тексеру, қауіпсіз мінез-құлық, инфекцияның алдын алу мүмкіндіктері туралы, сонымен қатар туберкулез микобактериясын зерттеу бойынша Қазақстан Республикасында жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы білімдерін арттырды және осы бағыттағы ғылыми жобаларды жүзеге асыру.