Наурыз мейрамына орай қайырымдылық іс-шарасы

2 сәуір, 2024

“Сапалы білім беру” БҰҰ Тұрақты дамудың 4-ші мақсатын жүзеге асыру аясында қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы М.Т.Досумбекова ҚазҰУ-дың «90 жылдығына 90 игі іс» жобасы аясында, Наурыз мейрамына орай  қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып 2 курс 209 топ студенттерімен қарттар үйіне барып, ата-апаларға концерт қойып, силықтар таратып баталарын алып қайтты.

Ұлыстың ұлы күні қашаннан қайырымдылық жасап, сауап алатын мереке. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлылық көрсету  – қазақтың қанында бар қасиет.