Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ АРТ орталығының ұйымдастыруымен «Біз» студенттер театры «1 сәуір – Күлкі күніне» орай драмматург, әнші, актер Қанат Жүнісовтің «Ғашықтар хикаясы» атты қойылымын жаңаша нұсқада көрермендер назарына ұсынды. Езу тартқызар күлкі мен шиеленіскен тағдырды әдемі ұштастырған комедия жанрындағы бұл қойылым – бір жарым сағатқа созылды. Театр мүшелері қойылым кезінде өздеріне берілген кейіпкердің рөлін жоғары деңгейде сомдап шықты. Аталмыш қойылымды тамашалауға келген көрермендердің ризашылығы жүздеріндегі күлкі мен соңындағы қошеметтеулерінен айқын көрінді.
Өнерлі студенттердің басын қосып, қойылымды шеберлікпен көрермен назарына тарту еткен Филология факультетінің түлегі, университет қызметкері Тілес Қанат Әбдімұханұлына алғысымызды білдіреміз!