«Әділетті қоғам — Адал азамат»
Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғам — Адал азамат» ұғымын насихаттау бойынша дәстүрлі екі күндік семинар-тренингін аяқтады! Семинар-тренингке университеттердің студенттік декандары мен ұйымдарының басшылары шақырылды. Екі күндік семинар-тренинг барысында спикерлер қызықты онлайн дәрістер, интерактивті жаттығулар, командалық ойындар, жобалық жұмыстар өткізді.
Бұл семинар-тренингке барған қатысушыларымыз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлына және іс-шараны ұйымдастырушыларға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлеріне осындай мүмкіндік пен ауқымды жобалары үшін алғыстарын білдірді.