«География және табиғатты пайдалану» факультетінің студенттік деканын тағайындау бойынша сайлау өтті

2 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың География және табиғатты пайдалану факультетіне студенттер деканын тағайындау бойынша референдум өтті. Референдумға жалпы 177 студент қатысып, оның 168 студенті (95%) – оң дауыс берсе, қалған 9 студенті (5%) – қарсы дауыс берген. Референдум нәтижесі бойынша, Паримбай Мейірхан Ғаниұлы «География және табиғатты пайдалану факультеті» студенттерінің жаңа деканы болып бекітілді.