“League of chemists” IV ұлттық интеллектуалды ойын

29 наурыз, 2024

Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасы наурыз айының 27 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 90 жылдығына арналған www.kaznu.kz Қазақстан Республикасы ЖОО студенттері арасында “League of chemists” IV ұлттық интеллектуалды ойын өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: достық қарым-қатынасты кеңейту және студенттердің ғылыми потенциалын анықтау және көтермелеу болып табылады (Тұрақты даму мақсатттары: сапалы білім).

Ойын 4 турдан тұрды: таныстыру, блиц-тур, практикалық тапсырма, «қара жәшік». Келесі жоғары оқу орындарынан 7 команда қатысты: Ideal (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Осмий (Абай атындағы ҚазҰПУ), H2O (Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ) https://kaznmu.edu.kz, The teachers (СДУ), Монооксид Дигидрогена (Satbayev University) https://satbayev.university/ru, Катализаторлар квартеті (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Кристальные умы (КБТУ).

Бірінші орынды Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Дигидроген монооксиді» командасы, екінші орынды-SDU «the teachers», үшінші орынды-ҚазҰУ-дың «Катализатор квартеті» иеленді. Жүлдегерлер сәйкесінше 70 000, 50 000, 30 000 ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

Батырбаева А.А.

Жусупова А.К.

Ажигулова Р.Н.

Тусупбекова А.С.