02.04.2024 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы, «Әділет» клубының жетекшісі Г.М. Атаханова және «Әділет» клубының мүшелері және 408 топ студенттері «Сапалы білім беру» тұрақты даму мақсаттары - 4 аясында және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай «Білімдіге дүние жарық» атты дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шарада «Әділет» клубының мүшелері: тұрақты даму негізінде адам әлеуетін толық іске асыруда заманауи білім маңызды роль атқаратынын айтып өтті.
Дөңгелек үстелдің спикерлері: «Әділет» клубының мүшелері: Хусайн Өркен, Олжасұлы Ердаулет, Нурбекүлы Әлішер, Қанжігітова Аружан баяндама жасады.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қоғам дамуының басты факторы сапалы білімді меңгеру елімізде білімге құштар, болашағымыздың негізін құрайтын дарынды жастарға барынша қолдау көрсетіп, әлеуетін пайдалану көздерін қарастыру болып танылады.