Студенттер Владимир Киреевтің "кездесу"мерейтойлық ретроспективті көрмесіне қатысты

4 сәуір, 2024

БҰҰ-ның №4 «Сапалы білім беру» ТДМ шеңберінде студенттер Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайында суретшінің 80 жылдығына арналған Владимир Киреевтің «Кездесу» мерейтойлық ретроспективті көрмесін тамашалады. Көрмеге 1970 жылдардың соңынан қазіргі уақытқа дейін жасалған 50-ден астам картиналар – портреттер мен пейзаждар ұсынылды. Мұражайда алынған эмоциялар студенттердің жадында терең із қалдырып, оларға тарихи жәдігерлер призмасы арқылы қарауға мүмкіндік берді.