Балалар үйінде қайырымдылық шара

4 сәуір, 2024

ТДМ 1-Кедейлікті жою: тұрақты даму 1 мақсаты аясында2024 жылдың 17 наурыздыңда "Менеджмент" кафедрасы 2 курс «Менеджмент» ОБ студенттері топ эдвайзерыЖумагазиева Альмира Ғалымжанқызымен бірге №1 Алматы облыстық балалар үйіне барды. Баларға арнап алған тәттілерді, кітаптарді және ойыншықтарды сыйға тартты. Балалар риза болып, алғыстарын айтты. Осы күні студенттер балаларға мерекелік атмосфера сыйлады. Балалар қарым-қатынас қуанышын, жылулықты, шынайылықты, біздің студенттердің қамқорлығы мен назарын сезінді.