Педагогикалық практика шеңберінде шара

4 сәуір, 2024

ТДМ 4-«Сапалы білім беру»: тұрақты даму 4 мақсаты аясында 2024 жылғы 1 сәуірде «Менеджмент» қазақ және орыс тобының магистранттары педагогикалық практика шеңберінде «БІЛІМ КҮШІ: МАГИСТРАТУРАҒА ЖОЛ»тақырыбында іс-шара өткізді. «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» ОБ 3 курс студенттеріне шетелге магистратураға түсу жолдарымен таныстыру мақсатында, қазақстандық білім алушыларға арналған шетелдік магистратура бағдарламалары, стипендиялар, гранттар және оларды жеңіп алу жолдары туралы баяндалды. Іс-шара қонақтары Исахан Әсемай (Цукуба университеті, Жапония) және Нежданова Александра (University of Lille, Франция және University of Ghent, Бельгия) шетелге магистратураға түсу тәжірибелерімен, шетелдік университет  қабырғасындағы қызықты студенттік өмірімен бөлісті. Сонымен қатар, студенттер  шетелде жүргенде өз елінің мәдениеті мен көрікті жерлерін көрсете алуы үшін ойындар ұйымдастырылды. Педагогикалық практика жетекшісі, эдвайзер - э.ғ.к., доцент Купешова С.Т.