«Ең үздік студенттік топ – 2024»

31 наурыз, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 31 наурыз күні «Ең үздік студенттік топ – 2024» жобасының ІІ кезеңі  «TeamBuilding» форматында өтті. Тартысты әрі қызыққа толы ерекше форматтағы бұл кезеңде қатысушы топтар ұйымшылдығымен көзге түсті. Бұл кезеңде топтар жалпы 9 станция арқылы жарысып, 1 финалдық кезеңде сайысқа түсті. Жобаның ІІІ кезеңіне қатысушы топтар арасына 5 топ жолдама алды.