- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазақстандағы су тапшылығы мәселелерін шешудің тиімді жолдары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел
«Қазақстандағы су тапшылығы мәселелерін шешудің тиімді жолдары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел
2024 жылғы 02 сәуірде сағат 15.00-де филология факультеті шетел тілдері кафедрасының оқытушылары география және табиғатты пайдалану факультетінің 1 курс студенттерімен бірге ZOOM платформасында онлайн форматта Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде «Қазақстандағы су тапшылығы мәселелерін шешудің тиімді жолдары» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: су ресурстарының ұтымды пайдаланылуын және санитарияның болуын қамтамасыз ету; ауыз суды тиімді пайдалануға назар аудару; студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыру; ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту.
Дөңгелек үстелге Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының филиалы Волгоград басқару институтының «Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының оқытушылары, студенттері мен магистранттары қатысты. Іс-шараны модератор рөлін атқарған оқытушы Р.Н. Балғабекова жүргізді. Волгоград басқару институты тарапынан п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Е.В. Степанова сөз сөйледі.
Білім алушылар күрделі экологиялық мәселе – су тапшылығының себептері мен салдарлары, Қазақстанда, Ресейде және бүкіл әлемде суды тазарту және су ресурстарын сақтау, су тапшылығын төмендетуге арналған нақты шаралар туралы презентациялар дайындап ұсынды. Презентация соңында қатысушылар осы тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, өздерінің ойларын білдіріп, пікірталасқа белсенді атсалысты. Нәтижесінде, су тапшылығы тақырыбы аясында өзекті мәселелер талқыға түсіп, қорытындыланды.
Дөңгелек үстелге белсенді қатысқан студенттер сертификаттармен, алғыс хаттармен марапатталды.
Ұйымдастырушылар: Балгабекова Р.Н., Карабаева Б.Н., Цыганова В.А., Жамалова Т.Б., Есенаманова К.М., Меркибаев Т.А., Узакбаева З.А., Мадиева З.К., Кайракбаева Г.С., Абдиназарова С. Ж., Усенова Е.К.
Видео материалдарға сілтеме:
https://drive.google.com/file/d/1Dwy8bGA562QMXxp8zMjbbXD2AS5R4fNp/view?usp=sharing
https://drive.google.com/file/d/1k0dmPXsmBMIPh2OlBdyL61pzJhMW9yNC/view?usp=drive_link