«Қазақстан университеттеріндегі инклюзивті білім беру»
21 наурыз, 2024
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Кипрдегі Таяу Шығыс университетінде «Инклюзивті білім және қолжетімділік» атты халықаралық көпсалалы конференциясының ашылуына негізгі спикер ретінде ұсынылды. Конференцияның негізгі спикері – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ инклюзивті ортаның ғылыми-практикалық орталығының директоры, доктор Ғайния Тәжина. Баяндама ТДМ 4, ТДМ 5, ТДМ 17-ні айқындайтын «Қазақстан университеттеріндегі инклюзивті білім беру» тақырыбында болды. Доктор Ғайния Тәжина өз баяндамасында Қазақстанның жоғары оқу орындарына инклюзия туралы айтты.