Халықаралық семинар-тренинг

4 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің Қаржы және есеп кафедрасы ТДМ 4 «Сапалы білім» шеңберінде, сондай-ақ «Орхун» халықаралық алмасу бағдарламасы шеңберінде Түркі кеңесі Түркі университеттері одағына мүше университеттер арасында 2024 жылғы 1 сәуірде сағат 11:00 -12:30 аралығында «Жоғары білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайындағы Орталық Азия елдері университеттерінің академиялық ынтымақтастығы» тақырыбында халықаралық семинар-тренинг ұйымдастырды.

Халықаралық семинар-тренингті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭжБЖМ деканы э.ғ.к., профессор м.а. Бимендиева Л.А. құттықтау сөзімен ашты. Сондай-ақ, қатысушыларды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭжБЖМ «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Нурмагамбетова А.З және Kokand University (Өзбекстан) https://www.kokanduni.uz/uz проректоры Boburmirzo Xursanaliyev құттықтады.

Спикерлер қызықты және өзекті тақырыптармен сөз сөйледі: Асилова А.С. э.ғ.к., доцент м.а. - Қазақстан қаржы нарығындағы цифрлық технологиялардың артықшылықтары мен мәселелері, Асанова А.Б. э.ғ.к., доцент м.а. – Компаниялардың ESG – трансформацияға қатысуын бағалау, Алиева Б.М. э.ғ.к., доцент м.а. - Қаржылық сауаттылық алаяқтықпен күресу әдісі ретінде, Аzizjon Umarov, Boburmirzo Xursanaliyev - Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы халықаралық тасымалдарға баға белгілеу. Соңында ашық пікірталас пен қорытындылар болды. Kokand University (Өзбекстан) қонақтары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға шақырғаны үшін алғыс айтып, одан әрі ынтымақтастыққа құрмет пен тілек білдірді.