ҚР еңбек сіңірген қайраткері, мемлекет және қоғам қайраткері, профессор Қ. Н. Бурхановтың 70 жылдығына арналған "Қазақстан және Орталық Азия: тарих, саясат, қоғам" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

3 сәуір, 2024

ТДМ 4. Сапалы білім

2024 жылғы 3 сәуірде әл-Фараби ат. ҚазҰУ кітапханасында Тарих факультетінің Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы ұйымдастыруымен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, профессор Қ.Н. Бурхановтың 70 жылдығына арналған "Қазақстан және Орталық Азия: тарих, саясат, қоғам" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция профессор Қ.Н. Бурхановтың өмір жолы мен еңбек қызметіне, оның тарихшы, саясаттанушы, заңгер, депутат және мемлекет қайраткері ретіндегі қалыптасуы туралы естеліктерге ғана емес, оның ғылыми саладағы үлесі мен жетістіктеріне де арналды.

Конференцияның мақсаты - профессор Қ.Н. Бурхановтың ғылыми еңбектерін жан-жақты талдау, оның негізінде Қазақстанның ғылыми саласын дамытудың жаңа бағыттарын анықтау.

Конференцияға әл-Фараби ат. ҚазҰУ басқарма төрағасы – ректоры қатысты. Әл-Фараби Жансейіт Түймебаев, З.К. Құрманов - Қырғыз Республикасы СІМ Дипломатиялық академиясының проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Е.К. Алияров - саяси зерттеулер қауымдастығының президенті, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Е.О. Алауханов - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы, заң ғылымдарының докторы, профессор, Ш.А. Әмірбеков - саясаттану ғылымдарының докторы, Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі Проректоры, З.Е. Қабылдинов - ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры, Г.Н. Ким - тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әл-Фараби ат. ҚазҰУ Азиялық зерттеулер институтының директоры, Қ.Әбдезұлы - Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, З.К. Шаукенова - әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, М.Б. Мұхамедов - саясаттану ғылымдарының докторы, профессор "Қаржы орталығы" АҚ тәуелсіз директоры конференцияда өз естеліктерімен бөлісіп сөз сөйледі.

Конференция барысында 100-ден астам ғылыми еңбектердің авторы Қ.Н. Бурханов кітаптарының көрмесі, "Өмірден үзік сырлар" атты фотокөрме және  К.Н. Бурхановтың өміріне арналған «Ғибратты ғұмыр» атты кітабының тұсаукесері өтті.