"Климаттың өзгеруіне қарсы күрес" тақырып бойынша оқу бағдарламасы аясында сабақ

3 сәуір, 2024

03.04.2024 күні Филология факультеті, Шетел Филологиясы және Аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен Шетел Филологиясы мамандығының 1 курс магистранттары Турсынбай А.Н., Шуктаева Д.М. және топ эдвайзері Айтмұханбетова А.С. «Тұрақты даму мақсаттары» жобасының аясында 6В02304 – Аударма ісі мамандығының 3 курс студенттерімен бірге «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» тақырыбында пікірталас өткізді.  Бұл іс-шараның мақсаты «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» шешу жолдары мен идеяларын ойлап табу және климаттың өзгеруі үдерісіне жалпы сипаттама беру болды. Сабақ осы тақырып бойынша әдістемелік материалдар, презентация, иллюстрациямен жабдықталды. Сабаққа жалпы 10 студент қатысты. Сабақ барысында студенттер өз ойларын ашық айтып, белсенді қатысты. Сонымен қатар, ұйымдастырушы магистранттар түрлі сұрақтарды «Wordwall» платформасы арқылы қойып, ол сұрақтарды студенттер өзара талқылап, өз шешімдерін ұсынды. Сабақ соңына қарай, рефлексия барысында «Padlet» платформасын қолданып, студенттердің сабақ бойынша өз көзқарастарын жазып қалдырды. Сабақ өз мақсатына жетті.