Қытай және қазіргі Азия институтының директоры Кирилл Бабаев бастаған делегация әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жұмыс сапарымен келді

5 сәуір, 2024

Университетпен екіжақты ынтымақтастық  туралы келісімге қол қойған делегацияға кампус-тур ұйымдастырылды. Университеттің мәдени ошағына айналған музей аясында құрметті қонақтар оқу орнының терең тарихымен, жетістіктері мен болашақ жоспарларымен танысып шықты.Музей экспозицияларының өте тартымды талғаммен жасалғанына, ондағы тарих пен болашақтың керемет үйлесімділігіне таңданыстарын жасырмады. Құрмет кітабында қалдырған жазбаларында университетімізге үлкен табыстар тіледі