Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
04.04.2024 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданы ТЖБ ОӘҚБ аға инспекторы, полиция майоры Бейсенова Зарина Нурбаевна «Құқықтану» мамандығы, 1-3 курс білім алушылары арасында «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді.
Бүгінгі кездесудің басты мақсаты- қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында белең алған қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәлімет беріп, оның алдын-алу жолдарын айқындау.
Дәріс барысында полиция майоры Бейсенова З.Н. білім алушыларға кәмелеттік жасқа толмағандарға тағылатын қылмыстық жауапкершілік туралы толық ақпарат бере отырып, кез-келген адамның, оның ішінде кәмелетке толмаған азаматтың негізгі міндеті – заңдарды сақтау және құқық бұзушылық жасамау, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбау екенін баса айтты. Қазіргі уақыттағы статистикаға сүйеніп, нақты дәлелдер келтіре отырып, заңды бұзған жасөспірімдерді қандай қылмыстық жауапкершілік күтетінін жеткізді.
Білім алушылар да өз тарапынан көкейлерінде орын алған сауалдарын қойып, толыққанды жауап алды. Бір-бірімен өзара пікір алмасу арқылы құқық бұзушылық пен қылмыстық жауапкершілік туралы білімдерін толықтырды, алған әсерлерімен бөлісті.