Қазақстан криминологиясының дамуы мен өзекті мәселелері және криминологиялық теориялар

5 сәуір, 2024

2024 жылдың 03 сәуірде ҒСК «Елтұтқа» мен қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы БҰҰ ТДМ 16-мақсатына қол жеткізу аясында және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына орай «Қазақстан криминологиясының дамуы мен өзекті мәселелері және криминологиялық теориялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шарада Жұмаш А., Аликулов Д., Насир Е., сыңды клуб мүшелері криминологиялық теориялардың зерттелу жолдары мен даму бағыттары жайлы пікір алмасты. Бұл шара қылмыстылықтың алдын алуға,  «қауіпсіз қоғам» құру үдерісіне оң әсер етеді деп ойлаймыз.