Колледж білім алушылары арасында кәсіби бағдар беру
04.04.2024 жылы ҚР ІІД Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының кәсіби даярлық факультеті басшысының орынбасары Ахметжанова Надежда Николаевна колледж білім алушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы — жоғары оқу орны болып табылады, онда күндізгі және сырттай оқыту факультеттерінде жедел-іздестіру қызметі және тергеу-криминалистикалық маманданулар бойынша «Құқық қорғау қызметі» мамандығының жоғары заңгерлік білімі бар мамандарын даярлау жүзеге асырылады.
Кездесу барысында Ахметжанова Н.Н. болашақ тәртіп сақшыларын даярлайтын әскери білім ордасының артықшылықтары туралы айтты. Кез-келген талапкер болашақта аталмыш оқу орынына құжаттарын тапсырса, тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады, сонымен қоса, стипендия төленіп, лейтененат шенін алып шығады. Оқуға бөлген 4 жыл уақыты қызмет өтілі ретінде есептеледі.
Кездесу соңында ақпаратқа қызығушылық білдірген білім алушылар білім ордасының өкіліне сұрақтарын қойып, көптеген құнды ақпараттар алды.