- Басты бет
- Жаңалықтар
- Барлығын қамтитын, әділ, сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы білім алу мүмкіндігін қолдау
Барлығын қамтитын, әділ, сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы білім алу мүмкіндігін қолдау
4-шы ТДМ «Барлығын қамтитын, әділ, сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы білім алу мүмкіндігін қолдау» жүзеге асыру аясында университетте шығыс және кіріс академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Академиялық ұтқырлық Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің стратегиялық даму бағыттарының бірі. Қазіргі таңда университет сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламаларын сәтті жүзеге асыруда. Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы философия докторы (PhD) Р. Ережепқызы 11.03.2024-18.04.2024 аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құқық саласындағы білім беру бағдарламасының студенттеріне "Жер құқығы" пәні бойынша дәріс өткізуде. Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасының негізгі мақсаты студенттерді жерді пайдалану мен қорғауға, жерді жеке меншікке беруге және жер құқығы пәні бойынша жерді пайдалану құқығына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық нормаларды практикада дұрыс қолдануға үйрету болып табылады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы Қазақ ұлттық университетімен іскерлік қатынастар дамуда.